Абай мұрасы және қазіргі білім беру: кітап клубының кездесуі
Дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценттері Жолдубаева А.К. және Балтымова М.Р. жетекшілігімен «Мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Тұрсынбаева Қарлығаш Айтбайқызы «Alatau Creative Hub» кітапханасында кітап клубының кездесуін өткізді.
Шара Тұрақты даму мақсаттарының №4 бағыты – «Сапалы білім беру» аясында ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы тарап – философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы.
Дискуссия Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды. Кездесу барысында оның «Қара сөздер» мұрасынан бір шығармасы қарастырылып, автордың білім, тұлғалық даму және оқу мәдениеті туралы идеялары талқыланды. Қатысушылар ойшылдың идеяларын қазіргі білім беру жүйесіне кіріктірудің ықтимал тәсілдерін талқылады.
Басқа жаңалықтар