- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Ғылыми стиль ерекшеліктері: академиялық жазу дағдыларын дамыту» атты ғылыми семинар
«Ғылыми стиль ерекшеліктері: академиялық жазу дағдыларын дамыту» атты ғылыми семинар
2025 жылғы 3 қараша күні сағат 12:00-де «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығында филология ғылымдарының докторы, профессор Шадкам Зубайда «Ғылыми стиль ерекшеліктері: академиялық жазу дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – докторанттар мен жас зерттеушілердің ғылыми мәтін жазудағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру және академиялық стильдің негізгі қағидаттарын меңгерту болды.
Семинар барысында профессор ғылыми стильдің терминологиялық нақтылық, логикалық жүйелілік және объективті баяндау сияқты ерекшеліктерін талдап, академиялық жазудағы тиімді әдіс-тәсілдер мен аргументация мәдениеті жөнінде тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, дереккөздерді этикалық және халықаралық стандарттарға сай рәсімдеу мәселесіне назар аударды.
Қатысушылар ғылыми стильдің құрылымдық ерекшеліктері мен зерттеу нәтижелерін ұсынудың заманауи тәсілдері туралы пайдалы мәліметтер алды. Семинар жас ғалымдардың ғылыми мәдениетін дамыту мен академиялық коммуникацияны жетілдіруге бағытталды.
Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы Нурсеитова Лайла Дюсенгалиевна
Басқа жаңалықтар