ҚазҰУ мен Стамбул университеті арасындағы әдеби байланыстар
25-31 қазан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Б.Ө. Жолдасбекова мен филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ж.А. Баянбаева Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің жобасы аясында, орталықтың шақыруымен Стамбул университетінің Еdebiyat факультеті жанындағы Қазіргі түрік тілдері мен әдебиеттері бөліміне іссапармен барды.

Іссапар барысында Түркиядағы орыс және түркі әдебиетін зерттеуші ғалымдармен ғылыми байланыс орнатып, «Қазақстанның қазіргі замандағы орыс прозасы: жетекші трендтер, жанрология, сюжет, кейіпкер» жобасы аясындағы зерттеу нәтижелері таныстырылды. Екі университет арасындағы халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Қазақстан мен Түркияның әдеби байланыстары: өзара ықпалдастық және даму перспективалары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Академик Б.Ө. Жолдасбекова Стамбул университетінің оқытушылары сен студенттеріне «Қазіргі Қазақстанның орыс әдебиеті: тенденциялар, кейіпкерлер, мәтін поэтикасы» тақырыбында көшбасшылық дәріс жүргізді. Сондай-ақ Стамбул университетінің кітапханасына барып, түркология мен филология саласындағы құнды дереккөздермен танысты.

Стамбул университетінің зерттеу орталықтарымен Scopus базасында индекстелетін журналда бірлескен мақала жариялау туралы келісім жасалды. Оқытушылар мен студенттердің академиялық мобильділігін кеңейту жолдары қарастырылды. Бұл маңызды сапар Стамбул университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы академиялық және мәдени байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосты.
https://www.instagram.com/p/DQrEeqIDL--/?img_index=4&igsh=M3Izd3pka3l5cDJ5
Басқа жаңалықтар