Мәдени мәселелер бойынша атташе Халықаралық қатынастар факультетінде қонақта

17 наурыз, 2016

ҚазаҰУ халықаралық қатынастар факультетінде Германия Бас елшілігінің мәдени атташесі Рабан Рихтер мырзаның неміс тілін меңгеріп жүрген факультет студенттерімен бейресми кездесуі өтті.

Кездесуді DAAD лекторы Так Флориан және Халықаралық қатынастар факультеті Дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д. Мұсабекова Ұ.Е. ұйымдастырды. Студенттер бір сағат бойы Рихтер мырзаға әр түрлі тақырыптар бойынша сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды.

«Сен балалық шағыңда дипломат болғың келді ме?» деген сияқты қарапайым сұрақтардан бастап «Босқындар неміс және еуропа мәдениетін қалай өзгертеді?» деген күрделі және өзекті мәселелер де талқыға салынды. Болашақ дипломат ретінде қандай мәселелер олардың қызығушылығын тудырады деген сұраққа олардың жауабы – мәдени фестивальдар ұйымдастыру болды, себебі әртүрлі елдердің өкілдерінің бір-бірімен кездесіп танысуы үлкен ғанибет.

Қорытындылай келе, Рихтер мырза студенттерге ойлы сұрақтары үшін алғысын білдіріп, неміс тілін үйренуде үлкен табыс тіледі.