«Russian /English Club: студент студентке»
5 қараша 2025 жылы Қазақ ұлттық университеті мен «Ренессанс» білім беру университеті бірлесе отырып «Russian /English Club: студент студентке» атты халықаралық онлайн-кездесу өткізді.
Іс-шараның ашылуында сөз сөйлегендер:
- Бегалиева Сауле Баязовна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, зерттеуші-профессор, Қазақ ұлттық университеті,
- Демченко Алёна Сергеевна, PhD докторы, доцент, кафедра меңгерушісі,
- Абылкасова Арайлым Бакановна, филология факультетінің шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы,
сондай-ақ «Ренессанс» білім беру университетінің өкілдері.
Қатысушылар қатарында екі жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы:
1. Бегалиева Сәуле Баязовна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының ғылыми қызметкері, филология факультетінің орыс тілі мен мәдениеті орталығының директоры.
2. Демченко Алена Сергеевна , философия ғылымдарының докторы, доцент, филология факультетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
3. Исалиева Сәуле Темірбаена, әлеуметтану ғылымдарының докторы, филология факультетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы.
4. Тәттімбетова Құралай Өмірланқызы, философия ғылымдарының докторы, филология факультетінің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті, жоба жетекшісі.
5.Абылкасова Арайлым Бакановна, филология факультетінің шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы.
6.Момбекова Нұрбақыт Бодаухановна, филология факультетінің шет тілдері кафедрасының ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы.
7. Сүттібаев Нұрбахыт – филология факультеті, шет тілдері кафедрасының ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы.
Ренессанс білім университеті:
1. Шохиста Мұхаммеджанқызы Сұлтанова – филология кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы (DSc).
2. Роза Исмаилжанқызы Шоева – филология кафедрасының доценті, PhD докторы.
3. Усмонова Бибихоним Азизовна – филология кафедрасының ассистенті.
4. Нажмиддинова Мадина Мұзаффарқызы – филология кафедрасының ассистенті.
Студенттік командалар:
«Грамотеи», «Словесники», «Команда», «Phoenix» және «Stars».
Негізгі бөлімде студенттер БҰҰ Тұрақты даму мақсаты №4 – «Сапалы білім беру» тақырыбында ағылшын тілінде баяндама жасап, өз елдеріндегі білім сапасы туралы ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, Абылкасова Арайлым Бакановнаның жетекшілігімен «Зияткер сайысы» атты интерактивті викторина өтті.
Кездесудің қорытындысында студенттер «Қазақ және өзбек халықтарының ортақ тарихи тамырлары» тақырыбында топтық жобаларын таныстырды.
Жобаларды «Ренессанс» университеті мен ҚазҰУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамы бағалады.
Іс-шара жылы пікір алмасу, марапаттау және естелік фотосессиямен аяқталды.
Басқа жаңалықтар