Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Көне сүйек технологиясы» бойынша арнайы курс басталдыFarabi University

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Көне сүйек технологиясы» бойынша арнайы курс басталды

28 қазан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Көне сүйек технологиясы» тақырыбында арнайы курс өз жұмысын бастады. Курс Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Дәрістер мен практикалық сабақтарды Льеж университетінің және ZooStan зертханасының (CNRS–ҚазҰУ) қауымдастырылған зерттеушісі, PhD доктор Мальвина Боман жүргізеді. Аталмыш ғалым курсты кіріспе дәрістен бастады. Бұл алғашқы дәрісте ол зооархеология ғылымының мәнін, сүйек құрылымының ерекшеліктерін, ежелгі қоғамдарда сүйектен жасалған қару-жарақ пен құралдардың қалай дайындалғанын, сондай-ақ оларды анықтауда трасология ғылымының маңызын кеңінен түсіндірді.

Кіріспе дәріске тарих факультетінің 1–4 курс студенттері белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Курс археология, антропология және материалдық мәдениет салаларында терең білім алуға ұмтылған студенттер мен жас зерттеушілер үшін маңызды академиялық алаң болып отыр.