«Білім күні. Бейбітшілік күні»Farabi University

«Білім күні. Бейбітшілік күні»

1 қыркүйек, 2025

2025 жылғы 1 қыркүйекте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде 2025–2026 оқу жылына қабылданған І курс студенттеріне арналған «Білім күні. Бейбітшілік күні» атты салтанатты жиын өтті.

Салтанатты шараны колледж директоры М.Н. Аппакова ашып, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім ордасының дәстүрлері мен ерекшеліктеріне тоқталды. Ол І курс студенттеріне сәттілік тілеп: «Оқуда озат болыңдар, колледжіміздің абыройын асқақтатыңдар!» – деген ізгі тілегін білдірді.

Салтанатты жиын барысында III курс білім алушысы Талғат Әдемі дәстүр бойынша І курс студенті Ықтияр Айдынға «Білім кілтін» табыстады. Бұл – колледждегі сабақтастық пен білімге деген құрметтің айғағы болды.

Шара соңында ата-аналар сөз алып, колледж ұжымына жаңа оқу жылында зор табыс, шығармашылық шабыт пен толағай жетістіктер тіледі.