Ұлттық киімдерді насихаттау іс-шарасы
18 қыркүйек, 2025
2025 жылғы 18 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде ұлттық киімдерді насихаттау мақсатында танымдық шара өтті.
Мақсат — жастарды ұлттық мәдениетке баулу және тарихи мұраға деген құрметті арттыру. Шараға колледж оқытушылары мен студенттері белсенді қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға өз үлестерін қосты.