САЛАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКАНЫ ОҚЫТУ: МӘСЕЛЕ МЕН ШЕШІМ
ТДМ-4 Әлемде салалық журналистика түрі көп. Негізгісі он бір екен. Іскерлік журналистика, спорт журналистикасы, ғылым журналистикасы, медицина журналистикасы, саяси журналистика, өнер журналистикасы, IT-журналистика, экологиялық журналистика, автомобиль журналистикасы, туристік журналистика, заң журналистикасы деп кете береді.
«Аstana media week» аясында «салалық журналистика мамандарын даярлаудың өзекті мәселелері» аталған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара еліміздің әр қиырында журналист кадрларын даярлап жатқан оқу орындарының жауапты мамандары келді. Дөңгелек үстелде кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары мен медиа қауымдастық арасындағы байланысты нығайту мәселесі қаузалды.
ҚазҰУ журналистика факультеті атынан журналистік білім беруді салалық бағытта дамыту, пәнаралық оқытуды жетілдіру, дуалды білім беру жайында баяндама жасап, өзекті деп тапқан ұсыныстарды айттық. «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, академик Dikhan Kamzabekuly салалық журналистиканы дамытуда тәжірибеде ысылған практик-мамандарды тартудың маңыздылығын алға тартты. ЕҰУ журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті деканы Нуржан Куантайулы салалық журналистиканы оқытуды қос дипломдық аясында жүзеге асып жатқан тәжірибесімен бөлісті. Ясауи университетінен келген журналист, оқытушы Жанна Жайлаубайкызы тәжірибесі де көпшілікті қызықтырды.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырған мәдениет және ақпарат министрлігіне алғыс білдіреміз. Сала түйткілдерін талқылап қана қоймай, елдің әр түкіпірінде кадр дайындап жатқан әріптестер арасында коммуникация орнатуға да сеп болды бұл басқосу.
Басқа жаңалықтар