Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында алтын медаль иеленді.
29 қазан, 2025
Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында алтын медаль иеленді.
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстанның ерлер құрамасы жағажай волейболынан алтын медаль жеңіп алды.
Финалдық кездесуде қазақстандық спортшылар Таиланд құрамасын 2:0 (21:15, 23:21) есебімен жеңіп, жарыстың жеңімпазы атанды.
Жеңімпаз команда құрамында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінің 2-курс студенті Ағабек Әлихан мен оның серіктесі Сағыныш Оразалы өнер көрсетті.
Қазақстан құрамасының бұл жетістігі – ел спортының дамуы мен жас спортшылардың жоғары дайындық деңгейінің айқын дәлелі.
Еліміздің атын әлемдік аренада абыроймен қорғаған спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз!