ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ.Farabi University

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ.

8 қараша, 2025

2025 жылғы 8 қарашада «Логистика» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары үшін «Инновациялық логистикалық шешімдер және тұрақты инфрақұрылым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара БҰҰ-ның 9-шы Тұрақты даму мақсатына (ЦУР 9) – «Тұрақты инфрақұрылым, индустрияландыру және инновациялар» арналды.

Іс-шара аясында магистранттар экономика ғылымдарының докторы Мадина Унайбекқызы Бейсенованың жетекшілігімен өз баяндамаларын ұсынды. Талқыланған тақырыптар қатарында:

«Қазақстанның логистика саласы: стратегиялық көпір» – Құрманбекұлы Ринат, Тұрап Тұрар

«Логистикалық қызметтер және олардың өзгермелі талаптар мен технологиялық инновацияларға сәйкес эволюциясы» – Кердасбай Нұржан

«Өнеркәсіп, инновациялар, инфрақұрылым – тұрақты болашақтың негізі» – Мұқаметбек Балғын,Беделбек Айжан, Боранбай Жанар

Өз баяндамаларында магистранттар логистикадағы инновациялық шешімдер мен технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті пайдалану және процестерді цифрландыру мәселелерін қарастырды.

 

Іс-шараның ұйымдастырушысы: экономика ғылымдарының докторы, «Бизнес-технологиялар» кафедрасының профессоры Бейсенова М.У.