«әл-Фараби және қазіргі заман» атты ІII Халықаралық Фараби Форумы

18 наурыз, 2016

«Әл-Фараби және қазіргі заман» IІI халықаралық халықаралық Фараби форумы

Алматы, Қазақстан, 2016 жыл, 5-6 сәуір.

Құрметті әріптестер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «III Халықаралық Фараби оқулары» аясында (5-15 сәуір) 2016 жылдың 5-6 сәуірінде «ӘЛ-ФАРАБИ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты ІII Халықаралық Фараби Форумын өткізеді.

Форум жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Әл-Фараби мұрасы және ұлт жоспары: Бірегейлік және бірлік
  2. Түркі өркениетінің екі ұлы интеллектуалы: әл-Фараби және Ясауи
  3. Әл‐Фарабидің ғылымдарды жіктеуі және қазіргі жаратылыстанудың өзекті мәселелері
  4. 21 ғасырдың инновациялық әлеуеті және тұрақты дамудың мәселелері
  5. Ғылыми метрия және қоғамның ғылыми-технологиялық дамуын басқару
  6. Адам капиталы – интеллектуалды ұлт әлеуетінің негізі

Форум аясында келесі пікір-сайыс алаңдары өз жұмысын жүргізеді:

  1. Кіші Фараби академиясының пікір-сайыс алаңы «Қазақстандық арман философиясы».
  2. Дінтанулық зерттеулер және экспертиза орталығының пікір-сайыс алаңы «Әлемдік діндер және миссионерлік».
  3. Қоғамдық денсаулық сақтау Жоғары мектебінің пікір-сайыс алаңы «Дені сау адам – бақытты ұлт – мықты мемлекет».
  4. «Политолог» студенттік пікірсайыс клубының пікір-сайыс алаңы «Жаһандану жағдайында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету».
  5. Әлеуметтік зерттеулер және әлеуметтік инжинириг орталығының пікір-сайыс алаңы «Қазақстан қоғамы: әлеуметтанулық талдаудың жаңа перспективалары».
  6. Білім беру технологиялары ғылыми-инновациялық орталығының пікір-сайыс алаңы «Құндылықтық-мазмұндық құзыреттілікті студент жастарды рухани-әдептік тәрбиелеудегі басымдық ретінде дамыту».

 

III Халықаралық Фараби Форумы_Ақпараттық хат.docx