- Басты бет
- Жаңалықтар
- ЖИ және Әл-Фараби: ЖИ көмегімен жасалған Әл-Фарабидің бейнесі және сөзі жазылған видео жасалды.
ЖИ және Әл-Фараби: ЖИ көмегімен жасалған Әл-Фарабидің бейнесі және сөзі жазылған видео жасалды.
ЖИ және Әл-Фараби тақырыбындағы бейнебайқау қорытындысы жарияланды. Байқау барысында қатысушылар ЖИ технологияларын қолданып, Әл-Фарабидің бейнесі мен ой-толғамы бейнеленген шығармашылық видеороликтер ұсынды. Бірінші орын «Қаржы және есеп» кафедрасының «Қаржы К1» мамандығының 4 курс студенттері – Алтыбай Жансая, Даулетбаева Нуршат, Есімбеков Жаһан иеленді. Екінші орын «Экономика» кафедрасының «Цифрлық экономика» мамандығының 4 курс студенттері – Беркін Дильназ, Дархан Элеонора, Смагул Жандосқа берілді. Үшінші орын «Менеджмент» кафедрасының «Менеджмент К1» мамандығының 3 курс студенттері – Әнуарбеков Әкежан, Жакупов Ақылжан, Темирханова Айжанға бұйырды. Байқау қатысушылары Әл-Фарабидің идеяларын заманауи ЖИ мүмкіндіктерімен ұштастырып, жоғары деңгейдегі жұмыстар көрсетті. Шығармашылық ізденіс пен технологияны тиімді пайдалану студенттердің білімге құштарлығын айқын танытты.
Басқа жаңалықтар