ҚазҰУ жанындағы Еуропалық Ақпараттық Орталық Еуропалық Одақ Өкілдігінің сыртқы байланыстар жөніндегі еуропалық қызметінің Орталық Азия Басқармасының басшысы Тойво Клаар мырзамен халықаралық қатынастар факультетінің және Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының студенттері мен магистранттарына арналған кездесу ұйымдастырды.
Кездесу Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастыққа, соның ішінде Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне арналды.
Іс-шараға Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің саясат, баспасөз және ақпарат мәселелері жөніндегі бөлім басшысы Камен Величков және және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев қатысты.
Дәріс барысында Алматы қаласының Жоғарғы оқу орындарының студенттерінің арасында ұйымдастырылған «Қазақстан және Еуропалық Одақ: аңыздар, шынайылық және үміттер» атты студенттік эссе байқауының қорытындылары жарияланды.