ТДМ № 4 сапалы білім беру бағытында қараша айының 5-і күні Филология факультеті “Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы” кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаһанға жетсін жаңғырық» атты әдеби-поэтикалық кеш өтті. Кешті 4 және 1-курс студенттері бірлесе өткізді.

Іс-шараның мақсаты – жас ақындар мен өнерпаздардың шығармашылығын таныту, әдебиет пен өнердің тоғысында рухани құндылықтарды дәріптеу және жастардың шығармашылық әлеуетін арттыру болды.

Кеш барысында жас ақындар жүрекжарды жырларын оқып, жас өнерпаздар әсерлі әндерін орындады. Қатысушылар поэзия мен әуеннің үйлесімін сезініп, ерекше шабытқа бөленді. Кештің сценарийін жазған – Орынбасар Айсұлу, режиссері – Балгинбаева Перизат (4-курс студенттері). Музыкалық сүйемелдеуді қамтамасыз еткен – Кулахмет Елсияр, өлең оқыған – Болатбек Нұрсила (1-курс студенттері және т.б. белсенді студенттер қатыст. Шара көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, студенттердің шығармашылық бастамаларын қолдауға бағытталған маңызды мәдени оқиға болды.
Ш. А. Шортанбай, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы
Басқа жаңалықтар