- Басты бет
- Жаңалықтар
- ЭЖБЖМ студенттері университеттік «ЖИ және әл-Фараби» байқауының жеңімпаздары атанды!
ЭЖБЖМ студенттері университеттік «ЖИ және әл-Фараби» байқауының жеңімпаздары атанды!
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Әл-Фараби апталығы" аясында өткен байқаулардың жеңімпаздарына дипломдар табысталды.
Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенттері университет бойынша 1-орынды иеленгенін мақтанышпен хабарлаймыз!
Номинация: «Бейнеролик»
Байқау тақырыбы: «Жасанды интеллект және әл-Фараби: ЖИ көмегімен жасалған әл-Фарабидің бейнесі мен сөзі»
Жеңімпаздар:
- Беркін Дильназ
- Дархан Элеонора
- Смағұл Жандос
Жетекшісі — Есенгазиева Сауле Көпешқызы
Студенттер ұлы ойшыл әл-Фарабидің тұлғасын және оның даналыққа толы сөзін жасанды интеллект құралдарының көмегімен жаңаша форматта бейнелей алды. Бұл жоба цифрлық технология мен гуманитарлық білімнің үйлесімді тоғысын көрсетті.
Факультет ұжымы жеңімпаздарды және жетекшіні шын жүректен құттықтайды! Шығармашылық табыс, ғылыми ізденісте және цифрлық инновацияда жаңа жетістіктер тілейміз!
Басқа жаңалықтар