ТДМ 4 – Сапалы білім шеңберінде «Буллинг» тақырыбында іс-шара өткізілді.Farabi University

ТДМ 4 – Сапалы білім шеңберінде «Буллинг» тақырыбында іс-шара өткізілді.

11 қараша, 2025

 ТДМ 4 – Сапалы білім шеңберінде «Буллинг» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараны «6В12301 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері ұйымдастырды.
Мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру және оқу орталары мен қоғамда буллинг мәселесіне назар аудару.
Іс-шара барысында азаматтар арасында сауалнама жүргізіліп, буллинг түрлері мен оған қарсы әрекет ету жолдары туралы хабардарлық деңгейі анықталды.
«Заң және тәртіп» бөлімі буллинг үшін жауапкершілік пен жеке тұлғаның құқықтарын қорғаудың құқықтық аспектілеріне арналды.
Іс-шара студенттердің құқықтық санасын, азаматтық жауапкершілігін және заңға деген құрметін арттыруға ықпал етті.