- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің “Түркі халықтарының үздік студенті” халықаралық байқауындағы жетістіктері»
«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің “Түркі халықтарының үздік студенті” халықаралық байқауындағы жетістіктері»
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің «6B12301 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1 курс студенттері, қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының атынан, «Түркі халықтарының үздік студенті» атты халықаралық байқауда университет намысын абыроймен қорғады.
Аталған шараны «Bilim-órkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Жаңа Қазақстан» республикалық орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Студенттер Сейдахмет Жәңгірхан Мұхтарұлы және Бадрединов Дамир Михайлович жоғары дайындық деңгейін, аналитикалық ойлау қабілетін және құқық қорғау қызметінің қағидаттарын терең меңгергенін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша олар «Түркі халықтарының үздік студенті» төсбелгісімен және I дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Бұл жетістік ҚазҰУ студенттерінің кәсіби даярлығы мен білім сапасының жоғары деңгейін дәлелдеді.
Басқа жаңалықтар