- Басты бет
- Жаңалықтар
- MIT профессоры Майя Миталипованың дәрісі: Альцгеймер ауруындағы тамырлық реттелудің бұзылуын зерттеу
MIT профессоры Майя Миталипованың дәрісі: Альцгеймер ауруындағы тамырлық реттелудің бұзылуын зерттеу
2025 жылдың 12 қарашасында сағат 11:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасының 409-аудиториясында АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институты (MIT) жанындағы Уайтхед институтының Адамның бағаналы жасушалар зертханасының жетекшісі, PhD докторы Майя (Майсам) Миталипова «Blood-Brain Barrier Model to Explore Vascular Dysregulation in Alzheimer's Disease» (Альцгеймер ауруындағы тамырлық реттелудің бұзылуын зерттеуге арналған гематоэнцефаликалық барьер моделі) тақырыбында дәріс оқиды.
Майя Миталипова – Алматы облысының тумасы, қазіргі таңда әлемге әйгілі биомедицина саласының ғалымы. Ол Мәскеудегі Тимирязев атындағы академияда генетика және эмбриология мамандығы бойынша білім алып, Ресей Медицина ғылымдары академиясында PhD дәрежесін қорғаған.
Доктор Миталипова эмбрионалды және индуцирленген плюрипотентті бағаналы жасушалар бойынша зерттеулер жүргізіп, АҚШ-та NIH тарапынан мақұлданған алғашқы адам эмбрионалды жасуша желілерін құрды. Оның ғылыми жетістіктері Альцгеймер, Паркинсон және Ретт синдромы сияқты аурулардың молекулалық негізін түсінуге зор үлес қосты.
Іс-шара Молекулалық биология және генетика кафедрасының ұйымдастыруымен және БҰҰ Тұрақты даму мақсаты 3 – «Мықты денсаулық және әл-ауқат» аясында өтеді.
Басқа жаңалықтар