- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ-13 бағыты бойынша іс-шара: "Организмдердің қоршаған ортаның экстремалды жағдайларына бейімделуінің биофизикалық механизмдерін зерттеу"
ТДМ-13 бағыты бойынша іс-шара: "Организмдердің қоршаған ортаның экстремалды жағдайларына бейімделуінің биофизикалық механизмдерін зерттеу"
2025 жылғы 13 қазан күні 6B05109 – Нейроғылым білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері куратор, аға оқытушы Швецова Е.В. жетекшілігімен жоғарыда аталған тақырыпта іс-шара өткізді. Іс-шара Тұрақты даму мақсаты 13 – «Климаттың өзгеруі мен оның салдарларына қарсы шұғыл шаралар қабылдау» аясында ұйымдастырылды.
Негізгі назар студенттердің экологиялық мәдениетін арттыру мен экологиялық ағартушылыққа аударылды. Бұл бағыт халықтың климаттық мәселелерді шешуге қатысуы мен ақпараттану деңгейін арттыруға бағытталған міндетке сәйкес келеді.
Семинар мен пікірталас барысында студенттер климаттың өзгеруінің негізгі себептері мен оның қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсерін талқылады, сондай-ақ ағзалардың экстремалды жағдайларға бейімделуінің биофизикалық механизмдерін мысалдар арқылы қарастырды. Қатысушылар белсенділік танытып, таныстырылымдар дайындап, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен көміртек ізін азайту жөнінде нақты ұсыныстар ұсынды.
.jpeg)
Іс-шара соңында адамның өмір салты мен денсаулығына әсер ететін факторлар, соның ішінде зиянды әдеттердің және гиподинамияның жас ағзаның бейімделу қабілетіне әсері талданды. Барлық топ белсенді қатысып, тақырып жан-жақты ашылып, студенттер үшін ғылыми әрі танымдық тұрғыдан пайдалы болды.
Басқа жаңалықтар