ТДМ 3, ТДМ 11 "сапалы білім беру" мәселелері бойынша дөңгелек үстел Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасында өтті.Farabi University

ТДМ 3, ТДМ 11 "сапалы білім беру" мәселелері бойынша дөңгелек үстел Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасында өтті.

27 қазан, 2025

2025 жылғы 27 қазанда Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасында аға оқытушы Токтарова Н.Н. жетекшілігімен "8D10101 – Қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша 1 курс докторанттары Мендыбаев Е.С. және Мусагалиева Г.М. (кураторы – аға оқытушы Балмуханова А.М.) ұйымдастырған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарына арналған іс-шаралар циклі аясында, атап айтқанда ТДМ 3 «Денсаулық және амандық» және ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» бағыттарында “Сау қалалар және жұқпалы емес ауруларды бақылаудың салықтық тетіктері” тақырыбында өтті.

Қатысушылар денсаулықтың негізгі детерминанттары — урбанизация, экологиялық және әлеуметтік факторлар бойынша өзекті мәселелерді талқылады. Мемлекеттің рөлі мен реттеуші салықтық тетіктерге (темекіге, тұзға және қантқа салынатын салықтар) ерекше назар аударылды.

Қорытынды бөлімде Қазақстан Республикасында жаһандық стратегияларды (Оттава хартиясы, «Жасыл қалалар» бастамасы) енгізу мәселелері бойынша пікірталас өтті.

Іс-шара жас зерттеушілердің ғаламдық міндеттерді талқылауға және медицина мен денсаулық сақтау саласында практикалық шешімдерді дамытуға белсенді қатысуының маңыздылығын атап көрсетті.