Мичиган мемлекеттік университетінің өкілдерімен кездесу өтті
Халықаралық қатынастар факультетінде Мичиган мемлекеттік университетінің өкілдері (АҚШ) Норман Грэм және Стив Пуэпкэмен кездесу өтті.
Норман А. Грэм европалық, еуразиялық және ресейлік зерттеу орталығының директоры, Джеймс Мэдисон колледжініңХалықаралық қатынастар бойынша (Мичиган штатының университеті) профессоры.
Стив Пуэпке ауыл шаруашылығы және табиғи ресурстар колледжінде жаһандық және стратегиялық бастамалардың директоры, сонымен қатар Мичиган штаты университетінде (АҚШ) зерттеу және оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі вице-президенттің арнайы Кеңесшісі.
Кездесу Халықаралық қатынастар факультетенің деканы Шәкіров К.Н., зерттеу және инновация және халықаралық ынтымақтастық бойынша деканның орынбасары Деловарова Л.Ф. және факультеттің жетекші профессоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Американ және Демократиялық Зерттеулер орталығының директоры Кукеев Ф.Т. қатысуымен өтті.
Кездесу барысында негізгі мәселе ретінде бакалавриат және магистратура бағдарламалары аясында қос дипломды білім беруді дамыту талқыланды. Сонымен қатар бірлескен жазғы мектептерді және тұрақты даму мәселесі бойынша он-лайн іс-шараларды өткізу сөз болды.
Кездесу барысында «Фараби оқулары» атты ғалымдардың дәстүрлі халықаралық форумы аясындағы "Central Asia: Sustainable Development and Youth" атты бейнеконференцияны 7 сәуірде өткізу мәселелері талқыланды.
Бейнеконференция барысында (Скрэнтон университеті (АҚШ), «Американдық кеңестер» ұйымы (АҚШ), Томас университеті (Канада), Назарбаев Университеті (Қазақстан) сияқты басқа серіктестердің қатысуымен тұрақты даму факторы ретінде білім беру жүйесін жетілдіру мәселелеріне баса назар аудару туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, «Фараби оқулары» аясында АҚШ-тың Бас консулдығының қатысуымен бірлескен (конференциялар мен семинарлар) жоспарланған.
Кездесу қорытындысы бойынша, қос дипломды білім беру бағдарламасын дамыту, ақпаратпен алмасу және одан әрі Мичиган штаты университеті мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің арасындағы бірлескен іс-шараларды көбейту арқылы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін жүзеге асырудың жоспары жасалды.