Студенттер “Almaty Museum of Arts” музейіне бардыFarabi University

Студенттер “Almaty Museum of Arts” музейіне барды

12 қараша, 2025


Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушылары Мұханбет Ә.А және С.Е. Құдайбергеновтың ұйымдастыруымен 1-курс студенттері “Almaty Museum of Arts” бірлестігіне танымдық саяхат жасады.

Саяхат барысында студенттер “Almaty Museum of Arts” көрмесінде ұсынылған ұлттық және әлемдік өнер туындыларымен танысты. Музей қоры – Қазақстанның бейнелеу өнері, мүсін, графика, сәндік-қолданбалы өнер үлгілері мен заманауи арт бағыттағы жұмыстардан тұрады.

Экскурсия жетекшісі музей тарихы мен оның мәдени маңызы туралы қызықты деректер айтып өтті. Студенттер қазақ суретшілерінің шығармаларымен, олардың өмірі мен шығармашылық жолымен тереңірек танысты. Сондай-ақ, шетелдік суретшілердің классикалық және заманауи туындылары арқылы өнердің әртүрлі стильдері мен бағыттарын салыстырып көруге мүмкіндік алды.

Бұл танымдық іс-шараның басты мақсаты – студенттердің эстетикалық талғамын қалыптастыру, рухани дүниетанымын кеңейту және мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыру болды. Саяхат соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өнердің қоғамдағы рөлі мен маңызын талқылады.