- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экономика және бизнес жоғары мектебінде IPR SMART электрондық кітапханасын қолдануға арналған семинар-тренинг өтті
Экономика және бизнес жоғары мектебінде IPR SMART электрондық кітапханасын қолдануға арналған семинар-тренинг өтті
2025 жылдың 12 қарашасында 201 кабинетте IPRSMART электрондық кітапханасының мүмкіндіктерін практикалық қолдануға арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шара Экономика және бизнес Жоғары мектебінің студенттері, магистранттары және докторанттары үшін ұйымдастырылды.
Спикер ретінде Сейт Анархан шығып, платформаның функционалдық мүмкіндіктерін таныстырды, оқу және ғылыми әдебиеттерді іздеу алгоритмдерін көрсетті, сондай-ақ қатысушыларды электрондық кітапхана ресурстарымен тиімді жұмыс істеу тәсілдеріне үйретті. Семинар барысында тыңдаушылар қадамдық нұсқаулықтар алып, IPR SMART интерактивті құралдарымен танысты және өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
Қатысушылар тренингтің практикалық бағытын және ұсынылған материалдардың білім беру мен зерттеу үдерісі үшін өзектілігін атап өтті.
Басқа жаңалықтар