Рухани сабақтастық: ҚазҰУ студенттері Ахмет Байтұрсынұлының ізімен
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің «Әдебиеттану» мамандығының 1-курс студенттері, 4-ТДМ «Сапалы білім беру» аясында қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының оқытушылары: филология ғылымдарының кандидаты, ассистент-профессор Л.Мекебаева, PhD-доктор Г.Оспановамен бірге 2025 жылдың 6 қарашасында қазақ руханиятының абыз тұлғасы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйіне барып қайтты.
.jpeg)
Бұл күн студенттер үшін тек танымдық экскурсия ғана емес, ұлт ұстазының өмір жолымен, ағартушылық қызметімен және ұлт үшін жасаған ұлы еңбегімен жақынырақ танысқан рухани тағылымға толы сәт болды.
Музей қабырғасындағы әрбір жәдігер, әр сурет пен құжат Ахмет Байтұрсынұлының ел мен еркіндік жолындағы қажырлы еңбегінің, өшпес рухының айғағы. Студенттер тағылымды экскурсия барысында ғалымның ағартушылық мұрасынан сыр шерткен деректерді тыңдап, жырдан өрілген жүрек сөздер мен тарихи естеліктер арқылы ерекше әсерге бөленді.
.jpeg)
Іс-шара соңында студенттер естелік суретке түсіп, ұлт ұстазының рухымен сусындаған, жігер мен шабытқа толы көңіл күймен оқу орнына оралды.
Ахмет Байтұрсынұлының асыл мұрасы бүгінгі ұрпаққа бағыт-бағдар берер шамшырақ.
Басқа жаңалықтар