«Инновациялық идеялардан оны жүзеге асыруға»
«Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент » және «Маркетинг» мамандықтары арасында «Инновациялық идеялардан оны жүзеге асыруға» атты тақырыпта VIII Республикалық студенттер арасындағы олимпиаданы жүргізу барысы
31 Наурыз, 2016 жыл
31 наурыз 2016 жылы Алматы қаласында «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары арасында «Инновациялық идеялардан оны жүзеге асыруға» атты тақырыпта VIII республикалық студенттер арасындағы олимпиада өткізіледі және ұйымдастыршылары ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы болып табылады.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент» және «Маркетинг» мамандықтары арасындағы республикалық студенттер арасындағы олимпиада жыл сайын өткізіліп отырады. Республикалық студенттер арасындағы олимпиада менеджерлер жобасының одағымен тығыз қарым қатынаста жүргізіледі. Қолдау көрсететін демеушілер: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ барлық іс шаралардың ұйымдастырушысы ретінде қатысады, АҚ Kcell компаниясы, Standard Insurance АҚ, АҚ Сбербанк, Grata Training оқыту орталығы, ҚР Жоба Менеджерлерінің Одағы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Сұңқар» студенттер кәсіподағы.
Олимпиадаға Қазақстанның 10 аймағынан келген 27 команда (шамамен 135 қатысушы және 30 жетекші) қатысады. Қазылар алқасының құрамында «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының профессорлары мен оқытушылары және олимпиада демеушілерінің өкілдері мен жұмыс берушілер болады.
050038, Алматы қаласы, аль-Фараби даңғылы - 71, ГУК 3 Б, Экономика және Бизнес Жоғары Мектебі, «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы, тел. 8-727-221 12 48.олимпиада жайлы ақпаратты мына сайт арқылы алуға болады: www.kaznu.kz.
e-mail: Olimpiada-kaznu@mail.ru
Ұйымдастыршылар комитетінің мүшелері «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы:
Комиссия төрайымы: э.ғ.д., профессор Мухтарова К.С.
Комиссия мүшелері: э.ғ.к., доцент Ахметова З.Б., аға оқытушы Турлыбекова Н.М., оқытушылар: Аскаров Г.А., Нурмагамбетова А.М., Шуренов Н.Б., ассистент Мукаев Д.Т.
Тел: +77026247005+77026247005