Тұрақты даму мақсаттары №4 — «Сапалы білім», ТДМ6 – Таза су және санитария, ТДМ 8 — «Лайықты жұмысжәне экономикалық өсу», №11 — «Тұрақты қалалар мен қауымдастықтар», ТДМ 14 – «Теңіз экожүйелерін сақтау» және ТДМ 17 — «Тұрақты дамуға қол жеткізу үшінәріптестік» мақсаттарына сай «Ұлттық экономиканың өзекті мәселелері» пәні шегінде 13.11.2025 жылы бинарлық қонақ дәріс сабағы өткізілді. «6В04103 – Экономика»мамандығының 4-курс студенттеріне Трансшекаралық су ынтымақтастығының Қазақ филиалы бойынша сарапшысы, Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы Ғылыми-ақпараттық орталығының өкілі Яхияева Құралай Қалмағанбетқызымен қонақ дәріс өткізілді. Кездесу барысында «Мемлекеттік бағдарламалар: Қазақстандағы су ресурстарының проблемалары» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында Құралай Қалмағанбетқызы Қазақстанның су аймағы бөліктеріндегі су ресурстарының жетіспеушілігімен байланысты проблемаларды қозғады. Сондай-ақ сарапшы бұл мәселенің ұлттық экономика дамуындағы рөлін аша отырып, жаңа технологиялар мен су ресурстарын басқару тәсілдерінің су дағдарысымен күресуге қалай көмектесе алатыны туралы ойларымен бөлісті.
Дәріс студенттер арасында жақсы қызығушылық тудырды, олар өзекті мәселелерді сарапшымен талқылау мүмкіндігі үшін алғыс білдіріп, су саясатының күрделі жақтарын терең түсіне алды.
Ұйымдастырушы: Phd, аға оқытушы Иляшова Г.К.
Басқа жаңалықтар