№16 Студенттер үйіндегі іс-шараFarabi University

№16 Студенттер үйіндегі іс-шара

14 қараша, 2025

2025 жылдың 13 қараша күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің №16 Студенттер үйінде «Фараби трактаттарын мәнерлеп оқу» бойынша студенттерге арналған іс-шара Тұрақты даму мақсаттары «ТДМ 3: Жақсы денсаулық және әл-ауқат» және «ТДМ 4: Сапалы білім беру» шегінде өткізілді.

Іс-шараға ББ «Цифрлық Экономика» 1 курс студенттері және факультеттің жатақханада тұратын 1 курс қазақ бөлімістуденттері қатысты. Балалар әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы Әбу Насыр әл-Фарабидің трактаттарын оқып, ортаға ой салып пәлсапалық талқылау кеші болды.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері, бастамалары және ынталары үшін алғыс айтамыз! Дені саудың – жаны сау деп білімге құштар Жастарға тек алға дегім келеді!

Іс-шараны ұйымдастырушы: «Экономика» кафедрасының 1 курс эдвайзері Иляшова Г.К.