«Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» мерекелік іс-шарасыFarabi University

«Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» мерекелік іс-шарасы

11 қараша, 2025

💰 «Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» мерекелік іс-шарасы 🇰🇿

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы» мамандығының 1-курс студенттері Теңге күні мен Қаржыгерлер күніне арналған «Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» атты мазмұнды мерекелік кеш өткізді.

Іс-шара ТДМ-ның 4-ші «Сапалы білім беру» және 8-ші «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» мақсаттары аясында ұйымдастырылды.

Бағдарлама барысында студенттер көркем сөз оқып, домбыра күйін орындап, би мен флешмоб билеп, «Ақша тарихы» атты театрландырылған көрініс қойды. Сондай-ақ викторина өткізіліп, ең белсенді қатысушылар марапатталды.

Іс-шараны куратор-эдвайзерлер Супугалиева Г.И. және Жумадилова Т.Б. ұйымдастырды.
Кештің басты мақсаты – ұлттық валютамыздың тарихын дәріптеп, студенттердің экономикалық және рухани танымын кеңейту. 🇰🇿