Farabi University

Стартап жобалар және бизнес инкубатор

Халықаралық «Фараби әлемі» студенттері мен жас ғалымдарының ғылыми конференциясы аясында жыл сайын студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалар байқауы өткізіледі. Байқаудың мақсаты – үздік студенттік инновациялық бизнес-идеяларды іріктеп, оларды идеяны әзірлеуден бастап коммерцияландыруға дейінгі барлық даму кезеңдерінде акселерациялауға қолдау көрсету.
2023 жылы аталған байқауға 72 инновациялық жоба қатысты. Нәтижесінде 9 жоба жеңімпаз деп танылды.

2023 жылы сондай-ақ Jas Ventures Almaty және SDU серіктестігімен, «Qazinnovations» АҚ қолдауымен JAS Incubation Fall Season инкубациялық бағдарламасы ұйымдастырылды. Инкубация бағдарламасына университет атынан келесі студенттер қатысты:

  • Абылай Асыл — Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенті, «4 BalAPPan» стартапы (балалар мен ата-аналар үшін 1Fit тәрізді қосымша);
  • Балабаева Айдана — Химия және химиялық технология факультетінің студенті, «Хлоргексидин негізінде антисептикалық құралдардың гидрогельдік формаларын әзірлеу және өндіру» стартапы;
  • Айтекина Азиза — «Aitekit» стартапымен.

Инкубация нәтижесінде Aitekit стартапы жеңімпаз атанды. Жоба акне және басқа да тері ауруларын емдеудегі тиімсіз әрі жекелендірілмеген тәсілдер мәселесін шешіп, клиенттерге тері микробиомын инновациялық талдау және олардың жеке қажеттіліктеріне негізделген жекелендірілген косметикалық өнімдер ұсынды.

2024 жылы байқауға 58 инновациялық жоба қатысты, оның ішінде 9 жоба және 2 номинация жеңімпаз болды. Жеңімпаздар дипломдар және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

2024 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша университет студенттері тарапынан 24 стартап жоба іске асырылуда.
2022 жылы студенттік бизнес-инкубатор жұмысының нәтижесінде 6 студенттік стартап, 2023 жылы 7 стартап жоба іске қосылды.

Бұл студенттердің инновациялық бастамаларға қызығушылығының артып, жобалар санының көбейіп келе жатқанын көрсетеді.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да IV Халықаралық Фараби форумы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобалар конкурсы өтті.
Іс-шараның мақсаты — үздік студенттік бизнес-идеяларды іріктеу және олардың идеядан бастап коммерцияландыруға дейінгі барлық даму кезеңдерінде қолдау көрсету. Конкурс Технологияларды коммерцияландыру және креативті индустрия орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Университет студенттерді оқу барысында-ақ өздерінің инновациялық жобаларын әзірлеуге және кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға ынталандыруды мақсат етеді. Бұл — олардың кәсіби траекториясын құруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және болашақ кәсіпкер ретінде қалыптасуына зор мүмкіндік. Конкурс Студенттік бизнес-инкубатордың бірыңғай даму стратегиясын қалыптастыруға және университеттердің студенттік кәсіпкерлікті қолдау процесіне белсенді қатысуына ықпал етеді.

Биылғы жылы студенттік бизнес-инкубаторлардың ең үздік инновациялық жобалары көрмеге ұсынылды. Байқауға 51 инновациялық жоба қатысты. Нәтижесінде 9 жоба жеңімпаз деп танылып, олардың авторлары дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды — бұл олардың шығармашылық көзқарасын, батыл идеяларын және кәсіпкерліктің болашағына қосқан үлесін танытатын маңызды белгі.

Үздік инновациялық жобалар авторларын марапаттау рәсімі университет өміріндегі маңызды оқиға саналады, себебі ол шығармашылық ойлауды, инновацияны және кәсіпкерлікті қолдауға деген біздің тұрақты ұстанымымызды көрсетеді.

I дәрежелі диплом және ақшалай сертификат

  • Механика-математика факультетінің «Робототехника» бағытының студенті Қалжан Асхат,
    ғылыми жетекшісі — Сагитжанов Бирлик Майронович.

II дәрежелі диплом және ақшалай сертификат иегерлері:

  • Довузовтық білім беру факультетінің студенті Толқын Сұңқар, «IT технология» бағыты,
    ғылыми жетекшісі — Ибрагимова Меруерт Нуржигитовна;
  • Филология факультетінің студенті Серіқбаева Айым Алмасқызы, «Қазақ стиліндегі комикс» бағыты,
    ғылыми жетекшілері — Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы, Оспанова Гүлмария Тұрысбековна;
  • Физика-техникалық факультетінің студенті, НИИЭТФ, «Жасанды интеллект» бағыты бойынша
    Болысбай Аслан Тынымбайұлы, ғылыми жетекшісі — Ахтанов Саят.

III дәрежелі диплом және ақшалай сертификат иегерлері:

  • Физика-техникалық факультетінің студенті Қазбеков Нұртілек, «Қуат электроникасы» бағыты,
    ғылыми жетекшісі — Тергемес Қажыбек Тілеуғалиұлы;
  • Экономика және бизнес жоғары мектебінің студенті Абдулазиз Амаль, «Бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу» бағыты,
    ғылыми жетекшісі — Товма Наталья Александровна;
  • Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттері Аронов Данияр Талғатұлы, Төлеген Арман Бахрамұлы, Тыныс Болат Сейдуллаұлы, «Виртуалды тур» бағыты,
    ғылыми жетекшісі — тарих факультетінің оқытушысы Бекбауова Жұлдыз Маратовна;
  • Химия және химиялық технология факультетінің студенттері Ульфанова Ясмина Зиядыловна, Минкаева Аяулым Азаматқызы, «Парфюмерия және азық-түлік өнеркәсібі» бағыты,
    ғылыми жетекшісі — Жанар Жеңіс;
  • География және табиғатты пайдалану факультетінің студенті Жанахмет Рахат және
    Шаймерден Алина, «Төтенше жағдайлар кезіндегі адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағыты,
    ғылыми жетекшісі — Абдибаттаева Марал Мауленовна.

 

INSTGRAM | THREADS | FACEBOOK