"Түркі әлемі халықтарының этнографиясы" пәні бойынша дәрістер курсы Егізбаева М.К.

"Түркі әлемі халықтарының этнографиясы" пәні бойынша дәрістер курсы 
Пәннің мақсаты - студенттерді түркі әлемінің мәдени-тұрмыстық ерекшеліктері мен этникалық тарихы туралы деректермен таныстыру.
Аталмыш мәселеге байланысты пәннің алдына мынадай міндеттер қойылды:
- Түркі халықтарының орналасу тарихын саралау;
- Орталық Азия, Кавказ, Алдыңғы Азия түркі халықтарының өмір сүруі мен этникалық және этномәдени негіздерін қарастыру.
- Түркі халықтарының материалдық мәдениетін сипаттау;
- Студенттерді түркі халықтарының отбасылық әдет-ғұрыптарымен таныстыру.
Пән студенттерге алған білімдерін Орталық Азия аймағында зерттеу жұмыстарын жүргізуге, мемлекеттік қызметтегі тәжірибелерінде, мұрағат және әдеби деректермен жұмыс жасауда, Қазақстан халықтары ассамблеясындағы мекемелерде эксперттік және кеңес беру қызметтерінде, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрліктерінде, ғылыми-зерттеу және экспозициялық жұмыстарда және басқа да мемлекеттік мекемелерде қолдануға септігін тигізеді. Пән студенттерді қазіргі ұғымдық-категориялық аппаратпен таныстыруға, түрік халықтарының мәдениеті мен тұрмысындағы мәселелер бойынша жан-жақты және логикалық-жүйелі бағыт-бағдар алуға мүмкіндік береді.

Лекция 1. Кіріспе. «Түркі әлемі этнографиясы» пәні, мақсаты және міндеттері

Лекция 2. Түркі мемлекеттерінің тарихи және табиғи ерекшеліктері

Лекция 3. Орталық Азия халықтарының этнографиясы

Лекция 4. Татар, башқұрт халықтарының этнографиясы

Лекция 5. Түрік және әзірбайжан халықтарының этномәдениеті

Лекция 6. Ноғайлар мен құмықтардың этномәдени ерекшеліктері

Лекция 7. Қырымдағы түркі халықтарының этнографиясы. Қырым татарлары

Лекция 8.  Қырымдағы түркі халықтарының этнографиясы. Қырымшақтар, қарайымдар

Лекция 9. Сібірдегі түркі халықтарының этнографиясы. Сахалар (якуттар), хакастар

Лекция 10. Сібірдегі түркі халықтарының этнографиясы. Телеуіттер, алтайлықтар