Білім беру бағдарламасы
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды сапалы дайындау үшін маркетинг саласында теориялық білімдер мен зерттеу әдістерін тәжірибеде пайдалану, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда кәсіби функцияларды орындау, кәсіпорындардың маркетингтік қызметін талдау және жоспарлау, қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, маркетинг саласында ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру болып табылады.
1.Маркетингтің принциптері мен технологияларын, ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-технологиялық базасын пайдалана отырып, қазіргі заманғы маркетингтің негізгі ұғымдарын, принциптерін және құралдарын қолдану
2. Тұтынушылардан қажетті жауапты алу үшін келісілген жарнамалық бағдарламаны әзірлеу
3. Маркетингтік стратегиялар мен тәжірибелерде шешім қабылдау үшін әртүрлі мәдени контексттерді түсінумен қатар, маркетингтің тарихи және философиялық дискурстарына негізделген этикалық негіздер мен принциптерді қолдану
4.Сыни тұрғыдан ойлау мен мәдениетаралық түсінікке ықпал ете отырып, студенттерді маркетингтік тұжырымдамаларды, теориялар мен практикалық қосымшаларды зерттеуге тарту және ынталандыру қабілетін дамыту мақсатында маркетингтік бағдарламаларды іске асыру үшін педагогикалық теориялар мен тәжірибелерді қолдану
5.Маркетингтік коммуникация стратегияларын жасау, жарнамалық науқандарды, PR промоушндарын жоспарлау және олардың имиджін қалыптастыру
6. Позициялау және брендті басқару әдістерін пайдалана отырып, халықаралық маркетинг кешенін енгізудің негізгі құралдарын қолдану
7.Кәсіпорынның мақсатты аудиториясын бағалау үшін нарықты сегменттеуді талдаудың стратегиялық құралдарын қолдану
8.Ел экономикасының салаларында әртүрлі концепциялар мен маркетинг құралдарын қолдана білу үшін банк ісі, туризм, ауыл шаруашылығы қызметтері нарығының ерекшеліктерін пайдалану
9. Жаңа іс-шаралар технологияларының көмегімен оң эмоциялар арқылы тұтынушының ақпаратқа бейімділігін арттыру
10.Инвестициялық және инновациялық маркетингтік жобаларды қоса алғанда, маркетингтік шешімдерді экономикалық бағалауды орындау
11.Қабылданған маркетингтік шешімдердің тиімділігі мен орындылығын бақылау үшін цифрлық технологиялар мен бағдарламаларды белсенді пайдалану
12.Тиімді маркетингтік шешімдерді дайындау үшін компаниялардың функционалдық стратегиялары арасындағы байланысты талдау
Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары
1) Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқа)
2) Жеке куәлік (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) ҰБТ сертификаты (certificate.testcenter.kz)
4) Квота, жеңілдік құжаттары (түпнұсқа + көшірме)
5) Фото 3×4- 6 дана
6) 063/у, 0/75у медициналық анықтамалары
7) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат
8) Шығармашылық /арнайы емтихан ведомостынан үзінді (болған жағдайда)
9) Білім беру гранты туралы куәлік (grant.testcenter.kz)
10) Оқу ақысының 50% төлегені туралы түбіртек (ақылы оқуға)
Оқу жоспары
Оқу жоспары қосылмаған
Жұмысқа орналасу
•Маркетолог
•Сату менеджері (Sales manager)
•Бренд-менеджер
•PR-менеджер / Коммуникация менеджері
•Маркетинг талдаушысы
•Цифрлық маркетолог (Digital marketer)
•SMM-менеджер
•Категория менеджері
•Бизнес-аналитик
•Нарық және тұтынушы мінез-құлқын зерттеу маманы
Байланыс
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,
Қазақстан Республикасы, Алматы, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71
Кажмуратова А.К.
Ұялы тел..:87076370584
Aigerim_k71@mail.ru