Білім беру
бағдарламасы
Ағылшын және екінші шетел тілін, кәсіби-педагогикалық қызмет және мәдениет негіздерін, инновациялық және қашықтықтан оқыту әдістемелерін, шеттілді білім берудің заманауи ғылыми концепциялары мен теорияларын, шетелдік ғылыми әдебиет пен дереккөздерді сын тұрғысынан бағалай алатын, шет тілдерін еркін меңгерген, бірнеше тілге лингвистикалық салыстырмалы талдау жасай алатын, өз пікірін дәлелдей алатын, топпен жұмыс істей алатын екі шет тілі мамандарын даярлау.
1. Ғылыми үрдістерді ескере отырып ғылыми зерттеудің гипотезасын, мәселелерін, мақсаттары мен міндеттерін шет тілді білім берудің заманауи концепциялары мен теорияларын сын тұрғысынан тұжырымдау.
2. Шет тілді білім беруде салыстырмалы, контрастивті, психолингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, типологиялық зерттеулерді, фонетика-фонологиялық, лексикалық, грамматикалық, семантика-синтаксистік және прагматикалық деңгейлердегі лингвомәдени ерекшеліктері бойынша мәтінді интерпретациялауды орындау.
3. Шетел тілдерін оқытудың заманауи бағыттарын және сандық, инновациялық технологияларды, қашықтықтан оқыту технологияларын, оқытудың интерактивті, жеке тұлғаға бағытталған әдістерін пайдалана отырып, жоғары оқу орындары мен колледждерде сапалы практикалық және теориялық сабақтарды өткізу.
4. Шетел тілін оқытудың тиімді технологиялары мен әдістемесі негізінде ЖОО-да оқу үдерісінің барлық түрлерін және сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу үшін педагогикалық технологияларды жобалау.
5. Оқу сабақтарының түрлері мен нысандарына, бақылау аттестациясына байланысты бағалау құралдарын әзірлеу.
6. Шетел тілінің ресми іскерлік стилін отандық және халықаралық компанияларда және институционалдық мекемелерде әртүрлі мәдениет өкілдерімен қолдану үшін жазбаша және ауызша қарым-қатынас формалары мен нормаларын, әртүрлі жанрлар мен сөйлеу мәнерлеріндегі мәтіндерді ажырату.
7. Сандық технологияларды пайдалана отырып, шетел тілдерін оқытатын әртүрлі жобаларды, көптілді білім беру бағдарламаларын, мобильді қосымшаларды, көп тілді лексикографиялық және оқу материалдарын әзірлеу.
8. Ғылыми зерттеулерді жоспарлау, ақпарат жинау, жаңа зерттеу әдістерін қолдану, зерттеу нәтижелерін өңдеу және ғылыми жетістіктерді отандық және халықаралық ғылыми қоғамдастықта жариялау, баяндама дайындау, жоба мен диссертация жазу дағдыларын қалыптастыру.
9. Дұрыс, толерантты және өнімді өзара әрекеттесу, ішкі және сыртқы ғылыми мектептермен/орталықтармен ынтымақтастық орнату, сонымен қатар әртүрлі тілдерде өз көзқарасын білдіру және қорғау арқылы этикалық құндылықтарға, өндіріс пен қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби деңгейді арттыру.
Магистратураның білім беру
бағдарламалары
1) Бакалавриатты аяқтағаны жайлы диплом+ қосымшалары (түпнұсқасы)
2) Жеке куәлігі (түпнұсқа және көшірме -2 дана)
3) Сертификат КТ
4) Фото 3×4 – 6 дана
5) Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ( болған жағдайда)
6) 0/75у нысаны бойынша медициналық анықтама
Оқу жоспары
Оқу жоспары қосылмаған
Жұмысқа орналасу
Бітірушінің кәсіби қызмет саласы келесі қызмет түрлерін қамтиды:
• ағылшын және неміс / француз/қытай тілі маманы;
• шетел тілдерін меңгерген лингвист;
• гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғалым-зерттеуші;
• жоғары оқу орындарының, орта және арнайы ұйымдардың, орталықтардың оқытушысы;
• аудармашы;
• әкімші (менеджер);
• білім басқармасының қызметкері;
• журналист;
• корректор, редактор;
• әлеуметтік қызметкер;
• спичрайтер;
• тіл мәдениетінің және мәдениетаралық, іскерлік коммуникацияның жаттықтырушысы;
• шет тілінде іс жүргізуші;
• пиар-менеджер.
Жұмысқа орналастыру – 96 %
Байланыс
Mекенжайы: Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71, ГУК-1 корпусы, каб. 319
Телефон: +7(727) 377-33-39 (ішкі 1270)