Farabi University

Надирова Санам Абдуллаевна

17 мамыр 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D070100-Биотехнология», мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған Надирова Санам Абдуллаевнаның «Ешкі сүтінен негізделген сүтқышқылды өнімдерін жасаудың биотехнологиялық тәсілдері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация АҚ "Алматы технологиялық университетінің" «Тағамдық биотехнология» кафедрасы, "Қазақ тамақтану академиясының" және "Генетика және физиология институтының" базасында орындалды.

Қорғау формасы - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі: орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Мамаева Лаура Асильбековна – биология ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.07 – Микробиология;

2. Смольникова Фарида Харисовна – техника ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім атындағы университеттің "тамақ өндірісінің технологиясы және биотехнология" кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Семей қ., Қазақстан). Мамандығы: 05.18.04 – Ет, сүт, балық өнімдері және тоңазытқыш өндірісінің технологиясы.

Ғылыми жетекшілері:

Синявский Юрий Александрович – биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ тамақтану академиясының вице-президенті (Алматы қ., Қазақстан);

Иванов Галин Иорданов – техника ғылымдарының докторы, профессор, тамақ технологиялары университетінің ректоры (Пловдив қ., Болгария).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Қожахметов Самат Серікұлы – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, "National laboratory Astana" микробиома зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Назарбаев Университеті (Астана қ., Қазақстан);

2. Багрянцева Ольга Викторовна – биология ғылымдарының докторы, азық-түлік токсикология және нанотехнологиялардың қауіпсіздігін бағалау зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, "Федералдық тамақтану және биотехнология ғылыми орталығы", тамақтану гигиенасы және токсикология кафедрасының профессоры, И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті (Мәскеу қ., Ресей);

3. Оспанов Асан Бекешұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ауыл шаруашылық ғылымы академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі. Қазақ өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми -зерттеу институтының басқарма төрағасы (Алматы қ., Қазақстан);

4. Тулемисова Жанара Кеңесқызы – биология ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің биологиялық қауіпсіздік кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

5. Гуляев Александр Евгеньевич – медицина ғылымдарының докторы, профессор, өмір туралы ғылым орталығының жетекші ғылыми қызметкері, Назарбаев Университеті (Астана қ., Қазақстан);

6. Станиславская Екатерина Борисовна – техника ғылымдарының кандидаты, Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар университетінде жануарлардан алынатын өнімдер технологиясы кафедрасының доценті (Воронеж қ., Ресей).

Қорғау 2024 жылы 17 мамыр, сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060700, 8D05101 - Биология», «6D070100, 8D05105 - Биотехнология», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05104 – Генетика» мамандықтар/білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/86505223270?pwd=Tzg0TVA2YkhpWm1NYmZoQ2hKUmFLZz09

Идентификатор: 865 0522 3270

Жергілікті этикалық комиссия қортындысы

Филосовия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық