әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D04203-Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Куандыкова Эльвира Серикбаевнаның «Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасында орындалды.
Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Дусипов Еркин Шажиевич - заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің инфрақұрылымдық даму жөніндегі Проректор (Алматы қ., Қазақстан). Мамандығы: 12.00.06.;
2. Озенбаева Айгерим Тойлыбаевна - PhD докторы, Орталық Азия Инновациялық университетінің құқық кафедрасының қауым.профессоры (Шымкент қ., Қазақстан). Мамандығы: 6D030100 -– «Құқықтану».
Ғылыми кеңесшілер:
1. Байдельдинов Даулет Лайкович - заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан)
2. Томас Хоффман - PhD докторы, Таллин техникалық университеті заң факультетінің профессоры (Таллин қ., Эстония)
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Бердібаева Әлия Қартбайқызы - заң ғылымдарының кандидаты, қауым. профессор, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аналитигі (Астана қ., Қазақстан);
- Мадалиева Ақзада Алайдарқызы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік басқару академиясының филиалының директоры (Алматы қ., Қызылорда);
- Халмуминов Жума Таштемирович - заң ғылымдарының докторы, Ташкент мемлекеттік заң университетінің профессоры (Ташкент қ., Өзбекстан).
Қорғау 2024 жылдың 30 желтоқсан күні сағат 10:00-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D030100, 8D04203-Құқықтану; 6D030200, 8D04201-Халықаралық құқық» мамандықтар тобы / білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (онлайн және оффлайн) мекен-жайы бойынша: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, Заң факультеті, № 309 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/97369385630?pwd=ihcbbrhyD2HqFlzchZiVxVoRLOy04w.1
Идентификатор: 973 6938 5630