әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05102 – Биомедицина» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ешмуханбет Анар Нұржанқызының «Құрсақ қуысының қабынуы кезіндегі ішек гемо- және лимфодинамикасының өзгеруі және лимфа түйіндерінің жиырылу белсенділігі» тақырыбындағы диссертациясын қорғау өтеді.
Диссертация ҚР ҒЖБМ ҒК «Генетика және физиология институтының» Лимфа жүйелері физиологиясы зертханасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Ибадуллаева Салтанат Жарылкасыновна – биология ғылымдарының докторы, профессор, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қ., Қазақстан). Мамандығы: 03.00.13 – физиология.
2. Бегимбетова Динара Айтбаевна – PhD, қауымдастырылған профессор, Назарбаев университеті «National Laboratory Astana» жетекші ғылыми қызметкері (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: молекулалық және жасушалық биология.
Ғылыми жетекшілер:
- Абдрешов Серик Наурызбаевич – биология ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК Генетика және физиология институтының жетекші ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
- Горчаков Владимир Николаевич – медицина ғылымдарының докторы, Новосибирск мемлекеттік университеті, Зельман атындағы медицина психология институты, іргелі медицина кафедрасының профессоры (Новосибирск қ., Ресей).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Майматаева Асия Дуйсенгалиевна – философия докторы (PhD), Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Биология» кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан);
- Спанкулова Гульжан Абикулкызы – PhD, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, экология және ауылшаруашылық микробиологиясы зертханасының аға ғылыми қызметкері (Алматы қ., Казақстан);
- Нимаев Вадим Валерьевич - медицина ғылымдарының докторы, РҒА СБ Цитология және генетика институтының филиалы – Клиникалық және эксперименталды лимфология институты, Оперативтік лимфология және лимфодетоксикация зертханасының меңгерушісі (Новосибирск қ., Ресей).
Қорғау 2025 жылдың 24 қаңтарында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтары/білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) форматта, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71 мекен-жайында, биология және биотехнология факультетінде, № 214 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/92917912930?pwd=lmP46bfCK8WtsGmjlaZNhZNZbuNHDd.1
Идентификатор: 929 1791 2930
Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық