әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D08401-Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Ибраева Гульмира Сайфуллаевнаның «Қаратау жотасының оңтүстік-батыс еңісіндегі өзендердің ихтиофаунасының қазіргі жағдайын бағалау» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертация ҚР Жоғары білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті бекіткен ЖТН AP26100721 «Алатау ихтиофаунасының таксономиялық және функционалдық алуантүрлілігін зерттеу» жобасы бойынша жүзеге асырылды және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, биология және биотехнология факультеті, зоология, гистология және цитология (биоалуантүрлілік және биоресурстар) кафедрасының зоология зертханасында және РҒА И.Д.Папанин атындағы Ішкі сулар биологиясы институтында (Ярославль облысы, Борок к., Ресей Федерациясы) орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – қазақ тілі.
Ресми рецензенттері:
1. Сатыбалдиева Гульмира Калмашевна – б.ғ.к., қауымдастырылған профессор, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы институтының директоры (Астана қ., Қазақстан). Мамандығы: «03.00.16-Экология, 03.00.08-Зоология».
2. Бакиев Серик Самигуллович – PhD, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Биология, химия ғылымдары және қоршаған орта білім беру бағдарламаларының жетекшісі (Орал қ., Қазақстан). Мамандығы: «8D05104 - Генетика».
Ғылыми жетекшілері:
- Мамилов Надир Шамилевич - б.ғ.к., әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
- Лёвин Борис Александрович - б.ғ.к., РҒА, И.Д. Папанин атындағы Ішкі сулар биологиясы институтының жетекші ғылыми қызметкері (Борок к., Ресей Федерациясы)
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Гинаятов Нурбек Сатканулы - PhD, қауымдастырылған профессор, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті, Сынақ орталығының Биотехнология және жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының аға ғылыми қызметкері (Орал қ., Қазақстан).
- Асылбекова Сауле Жангировна – б.ғ.д., профессор, «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, бөлім басшысының ғылым жөніндегі орынбасары (Алматы қ., Казақстан).
- Ядренкина Елена Николаевна - б.ғ.д., профессор, РҒА, Жануарлар экологиясы және систематикасы институтының зоомониторинг зертханасының жетекші маманы (Новосибирск қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2025 жылы 14 қараша сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D061300, 8D05108 – Геоботаника», «8D08401 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «8D05102 – Биомедицина» мамандықтары / білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) форматта, 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғылы 71 мекен-жайында, биология және биотехнология факультетінде, № 214 аудиторияда өтеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/94843749134?pwd=sXWT0W3IpRGbb37bzg4GHp5K4CuA2D.1
Конференция идентификаторы: 948 4374 9134