Институт қызметінің нысандары:
- Әлемдік саясаттың даму үрдістерін зерделеу, олардың Қазақстанның дамуына әсерін және оның халықаралық қоғамдастықтағы рөлін талдау;
- Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, аймақтық және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бойынша талдау және сараптама жұмыстарын жүргізу;
- Қауіпсіздік, аймақтық интеграция және халықаралық ынтымақтастық проблемалары бойынша конкурстарға және гранттық бағдарламаларға қатысу және Институт тақырыбы бойынша халықаралық жобаларды орындау;
- Институт тақырыбы бойынша халықаралық конференциялар, дәрістер, дөңгелек үстелдер және ғылыми семинарлар, Қазақстан мен ОА елдерінің студенттері үшін интерактивті іскерлік ойындар ұйымдастыру;
- Ғылыми мақалалар, талдамалық материалдар, монографиялар, шетелдік ғалымдармен бірлескен зерттеулер дайындау;
- Сыртқы саяси бастамалар, қауіпсіздік және халықаралық ынтымақтастық проблемалары бойынша ҚР мемлекеттік құрылымдары үшін ұсыныстар мен ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу.