Орталық қызметінің мақсаты артериялық және веноздық тамырлардың өтімділігін қалпына келтіру үшін дәрілік препараттарды, құрылғылар мен тәсілдерді іздеу және әзірлеу, оларды патенттеу, өнімді коммерцияландыру және нарықта қалыптасып жатқан қазіргі заманғы талаптар мен үрдістерге жауап беретін жоғары кәсіби деңгейде тұтынушыларға өткізу болып табылады.
Орталық қызметінің міндеттері:
-артериялық және веноздық қан тамырлары ауруларымен байланысты оқу-әдістемелік материал дайындаумен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, бағытын дамыту;
- Scopus және/немесе Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстелетін рейтингтік басылымдарда жалпы зерттеулер жүргізу, ғылыми мақалалар дайындау және жариялау мақсатында орталықтың құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
– инновациялық идеяларға негізделген кешенді, пәнаралық зерттеулер жүргізу, әлемде теңдесі жоқ, жоғары функционалдық мүмкіндіктері мен тиімділігі бар, жоғары бәсекеге қабілеттілік пен қосылған құнды құрайтын өнімдер шығару арқылы денсаулық сақтаудың жаһандық проблемасы-қан тамырлары патологиясын шешу үшін қажетті жаңа өнімдерді енгізу және әзірлеу үшін алынған ҒЗЖ нәтижелерін пайдалану;
- артериялық және веноздық тамырлардың өтімділігін қалпына келтіру үшін дәрілік препараттарды, құрылғыларды және тәсілдерді іздеу және әзірлеу, оларды патенттеу, артерия мен тамыр патологиясының алдын алу және емдеу, орташа өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, өлім-жітім мен мүгедектікті азайту, сырқаттанушылықты азайту және денсаулық сақтау шығындарын тұтынушыларға коммерцияландыру және өткізу;
- орындалатын жұмыстар негізінде қажетті материалдарды, техниканы дайындау және орталықтың жұмысы үшін жағдай жасау;
- студенттердің, магистранттар мен докторанттардың өндірістік практикасынан өту үшін зертханалық жағдайлар жасау;
- ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар, көрмелер және басқа да іс-шараларды өткізуге қатысу;
- Университеттің басқа бөлімшелерімен бірлесіп ішкі және сыртқы нарықтардағы қызметтің мақсаттары мен стратегияларын әзірлеу;
- іргелі және қолданбалы бағдарламаларды, оның ішінде республикалық және жергілікті бюджет қаражаты, халықаралық ұйымдар мен қорлар, шаруашылық шарттық жұмыстар есебінен қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысу;