«Орталық Азиядағы дәстүрлі өркениеттерді зерделеудің Республикалық ғылым-зерттеу орталығы» Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде Елбасының ұсынысымен жасалған «Тарих толқынындағы халық» ғылыми бағдарламасы аясында ашылды. 2013 жылдан 2021 жылға дейін орталықтың директоры тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.О. Омарбеков болды. 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орталық директоры - тарих ғылымдарының докторы, профессор Г.Б. Хабижанова.
Орталық бес түрлі ғылыми бағытта зерттеулер жүргізеді: 1. Орталық Азиядағы дәстүрлі мәдениеттерді зерттеудің методологиялық мәселелері; 2. Көшпелілердің далалық империяларының тарихы; 3. Қазақ халқының этногенезі; 4. Орталық Азияның көшпелілерінің көрші, көшпелі емес халықтармен қарым-қатынастары тарихы; 5. Дешті-Қыпшақтағы дәстүрлі қоғамның әлеуметтік және этно-мәдени құрылымы.
2013 жылдан бастап келесі мақсатты қаржыландыру жобалары жүзеге асырылды: «Халық тарих толқынында» (2014-2016) және BR05233709 «Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті» (2018-2020). Гранттық қаржыландыру жобалары: 2015-2017 жж. 4822/GF4 «Түркі-славян әлемі этнотарихи және әлеуметтік-мәдени сұхбаттастықтың үлгісі ретінде» (жоба жетекшісі Г.Б. Хабижанова), 2018-2020 жж. AP05135345 «Түркі халықтары әлемінің этнотарихи көрінісін қалпына келтірудегі мифологиялық универсалийлер мен рухани тәжірибелер» (жоба жетекшісі М.С. Ногайбаева), 2021-2023 жж. AP09261323 «Орталық Азия көшпелілерінің этникалық мәдениетіндегі символдар мен атрибуттардың қасиеттілігі» (жоба жетекшісі Т.О. Омарбеков / М.С. Ногайбаева), 2024-2026 жж. AP23488984 ««Қазақ халқының этникалық территориясының қалыптасу аспектісіндегі ортағасырлық топонимика».
Жобаларды іске асыру аясында келесі ғылыми еңбектер жарияланды:- 6 томнан тұратын «Орталық Азияның көшпелілер өркениетінің тарихы» (2015-2020 жж.) монографиялық зерттеу, «Орта Азия көшпелілері сөздігі» (2020 ж.) және 4 кітаптан тұратын ҚР БҒМ бекіткен «Қазақстан (Қазақ елі) тарихы» (қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде) (2018-2020жж.) деген атпен жарық көрген университет студенттеріне арналған оқулық, монография «Түркі-славян әлемі этнотарихи және социомәдени диалогтың үлгісі ретінде» (2017), монография «Ғасырлар тоғысындағы түркі халықтары әлемінің діни-мифологиялық сипаты» (2020), ұжымдық монография «Орталық Азия халықтарының көшпелі мәдениетінің этно-геосимволикасы» (2023).