«Таза Қазақстан» жобасы – бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі мен қоғамының бірлескен ауқымды бастамасы. Университетіміз осы бастаманы толық қолдап, студенттер мен қызметкерлер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда.
Университетіміздің экологиялық бағыттары:
-
Қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеуді жүйелі түрде енгізу және дамыту;
-
Энергияны үнемдеу және экологиялық таза технологияларды пайдалану;
-
Экологиялық білім беру бағдарламаларын жетілдіру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау;
-
Студенттер мен қызметкерлер арасында экологиялық тәрбие мен жауапкершілікті арттыру;
-
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған волонтерлік және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру.
Қатысу мүмкіндіктері
Университетімізде экологиялық бағыттағы жобаларға, сенбіліктерге, тренингтер мен лекцияларға қатысуға шақырамыз. Әрбір студент пен қызметкер «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және еліміздің табиғатын сақтауға өз үлесін қоса алады.
Бірге – таза және гүлденген Қазақстан үшін!
Біздің мақсатымыз – экологиялық жауапты, табиғатты қадірлей білетін мамандарды даярлау. Қоршаған ортаны қорғау ісінде университетіміздің рөлі – болашақ ұрпаққа таза және жарқын өмір сыйлау. «Таза Қазақстан» жобасы аясында біз бірге экологиялық тұрақтылық пен жан-жақты даму жолында сенімді қадамдар жасаймыз.