Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы – әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университет кешеніне кіретін концерт залы. Студенттер сарайы мәдени-сауықтық бағыттағы нысандардың ішінде Республика сарайынан кейін екінші орында. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ө.А. Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы 1998 жылы қаңтарда ашылды.
Студенттер сарайының негізгі міндеті – студенттер мен жастардың көркемөнерпаздық шығармашылығын және әр түрлі мәдени қажеттіліктерді дамыту.
Студенттер бос уақыттарын Қазақстандағы ең әдемі концерттік залдардың бірі - Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайындағы көркемөнерпаздар үйірмелерінде өткізеді. Студенттер сарайы 14 240 шаршы метрді құрайтын 1537 адамға арналған ерекше кешен.
Сарай сахнасында салтанатты, мерекелік және мәдени іс-шаралар, концерттер, айтыстар, КТК өтеді.
Студенттер сарайында өнер орталығы, би ансамблі, актерлік мектеп, «Фараби сазы» халық аспаптар оркестрі, вокал, қобыз, домбыра үйірмелері сахнада жас таланттарды ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Көпшіліктің ықыласына бөленген бұл студенттік ұжымдар республикалық байқаулар мен фестивальдерде бірнеше марапатқа ие.
Студенттер сарайының әкімшілігі күн сайын (жексенбіден басқа) сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.