Стратегиялық даму орталығының құрылымы:
- Рейтингтермен жұмыс жөніндегі сектор;
- Процестік менеджмент секторы.
Орталықтың негізгі міндеттері:
- Университетті дамыту бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, стратегиялық маңызды бағыттарды іске асыруды талдау, бағалау және үйлестіру және күтілетін нәтижелерге қол жеткізуді мониторингілеу;
- Бағыттар бойынша университет қызметінің нысаналы индикаторлары мен негізгі көрсеткіштерін анықтау;
- СМЖ құжаттарын тұрақты жаңартуды және өзектендіруді жүзеге асыру;
- Университеттегі процестердің барлық түрлерін ретке келтіру, олардың сапасының өлшенетін параметрлері мен сипаттамаларын, оларды өлшеу және ақпарат жинау әдістерін анықтау бойынша жұмысты үйлестіру;
- Қызметтің негізгі бағыттары бойынша университеттің құрылымдық бөлімшелері жұмысының тиімділігін талдау, тиімді басқару саласында ұсынымдар әзірлеу;
- Университеттің халықаралық және ұлттық деңгейде танылуын арттыру.