ТДМ №4, 10: Айзат Рақыштың шығармашылығына арналған әдеби кездесу өттіFarabi University

ТДМ №4, 10: Айзат Рақыштың шығармашылығына арналған әдеби кездесу өтті

4 қараша, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сұңқар» студенттер мен магистранттар кәсіподағының жанынан құрылған «Фараб» оқырмандар клубы мен Механика-математика факультетінің бірлескен ұйымдастыруымен танымдық әрі рухани мазмұнға толы әдеби кездесу өтті. Бұл жолғы шара дарынды жазушы, әдеби сыншы және драматург Айзат Рақыштың шығармашылығына арналды.

Кездесу барысында студенттер автордың шығармашылық жолы, туындыларындағы негізгі идеялар мен көркемдік ерекшеліктер жайлы сұрап, өз ой-пікірлерін еркін білдірді. Жазушы жастардың сауалдарына жан-жақты жауап беріп, әдебиетке келу тарихы, шабыт көздері және болашақ шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Мұндай пікір алмасу студенттердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырды.

Кездесудің ерекше сәттерінің бірі – Айзат Рақыштың жаңа кітабы «Оянған аңыз» тұсаукесері болды. Клуб мүшелері кітапты алдын ала оқып, мазмұнына талдау жасап, әсерлі баяндамалар ұсынды. Студенттер туындыдағы көтерілген ойлар мен кейіпкерлер бейнесіне қатысты өз көзқарастарын ортаға салып, қызу пікірталас жүргізді.

Әдеби кеш студенттердің рухани дүниесін байытып, шығармашылыққа деген ынтасын арттырған мазмұнды және әсерлі шара ретінде есте қалды.