- Басты бет
- Жастар ұйымдары
- ТДМ №4: ҚазҰУ студенттері «Ең үздік студенттік топ – 2025» байқауында ІІІ орынға ие болды
ТДМ №4: ҚазҰУ студенттері «Ең үздік студенттік топ – 2025» байқауында ІІІ орынға ие болды
Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Алматы студенттер альянсы» ұйымдастыруымен өткен «Ең үздік студенттік топ – 2025» байқауында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінің студенттерінен құралған «FARABI-NSO» тобы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Байқаудың негізгі мақсаты – студенттердің шығармашылық, ұйымдастырушылық және командалық қабілеттерін дамыту, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру және студенттік бастамаларды қолдау болып табылады. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды: қатысушылар презентация жасап, шығармашылық тапсырмаларды орындап, командалық жұмыс арқылы өздерінің ұйымдастырушылық дағдыларын көрсетті.
«FARABI-NSO» тобы өздерінің белсенділігі, ынтасы және бірлігі арқылы сайыстың үздік қатысушыларының бірі атанып, ІІІ орынға лайықты ие болды. Жеңіс студенттердің командалық рухын нығайтып, университеттің студенттік өмірін одан әрі белсенді етуге септігін тигізді.
Басқа жаңалықтар