ТДМ №4, 10: «Көмек» қоғамдық қорының 15 жылдық мерейтойы атап өтілді
15 қараша, 2025
Халықаралық студенттер күніне орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Көмек» қоғамдық қорының 15 жылдық мерейтойы мерекелік шарамен атап өтілді.
Мерейтойға университетіміздің белсенді түлектері қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Шара барысында студенттер өз өнерлерін көрсетіп, қордың жобалары мен бастамаларына атсалысып, іс-шараны сәтті әрі мазмұнды түрде өткізді.
Қоғамдық қордың 15 жылдық мерейтойы университет қауымдастығы үшін маңызды оқиға болып, студенттердің шығармашылық әлеуетін арттыруға, қоғамға әлеуметтік үлес қосуға және рухани дамуына ықпал ететін мәдени-көпшілік шара ретінде есте қалды.


Басқа жаңалықтар
17 қараша, 2025