"Отбасы хрестоматиясы"Farabi University

"Отбасы хрестоматиясы"

17 қараша, 2025

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ ұйымдастыруымен 17-қараша Халықаралық студенттер күніне орай, "Отбасы хрестоматиясы" баспасының жазушысы Сәкен Нұрқабекұлымен  "Студенттік өмір мәні" атты көшбасшылық дәрісі өтті.
Дәріске ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары мен тыңдаушылар қатысты. Көшбасшылық дәрісте Сәкен Нұрқабекұлы "Мамандықтың мәні" атты кітабын таныстырып, жастарға болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарас қалыптастыруға, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылыстарына бағыт-бағдар берді. Қазіргі технология ғасырында көшке ілесу үшін маман боп қалыптасудан бұрын адам боп қалыптасуға ұмтылуының маңыздылығын түсіндірді. Себебі адам сапасы артқанда маман сапасы өздігінен күшейетіні белгілі. Адамға мамандықтың не үшін қажет екенін, маман боп қалыптасудың мән-маңызын талдап, жастардың санасына болашақта кез келген қызметті үлкен жауапкершілікпен, құштарлықпен, ықыласпен атқаруды насихаттады.  Автор сөзінен жастар болашақта қандай маман иесі болса да, жауапкершілік алудан қашпайтын адамның барлық жерде бағаланатынын және кез келген қызметте маманның сапасы біліктілігімен ғана емес,  жауапкершілігімен де анықталатынын түсінді.
Сонымен қатар студенттік өмірдің мәні мен маңызы жайында маңызды мағлұматтармен бөлісті. 
Көшбасшылық дәріс әрі қарай тыңдаушылардың сұрақтарымен жалғасты.