ТДМ №4, 9, 10: «Жылы ұя» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен инклюзиялық білім беру тәжірибесі ұйымдастырылдыFarabi University

ТДМ №4, 9, 10: «Жылы ұя» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен инклюзиялық білім беру тәжірибесі ұйымдастырылды

17 қараша, 2025

«Жылы ұя» қоғамдық бірлестігі ҚазҰУ Инклюзиялық орталығы және кітапхана мамандарына арнайы планшеттерді сыйлады. Бұл планшеттер ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін арнайы әзірленген цифрлық кітаптармен қамтамасыз етілген.

Әр планшет арқылы студенттер кітаптарды дыбыстық түрде тыңдай алады және оларды көріп оқу үшін ыңғайлы интерфейспен жабдықталған. Бұл технологиялық шешім оқу процесін барынша инклюзивті және қолжетімді етуге бағытталған.

Осы бағдарламаның аясында бізге бесеу планшет табыс етілді, бұл Инклюзиялық орталыққа студенттерге сапалы оқу материалдарын ұсынуға мүмкіндік береді. Шара барысында қолданылған технологиялар студенттердің оқу мотивациясын арттыратынына және оқу материалына қолжетімділікті айтарлықтай жеңілдететініне сеніміміз бол. 

Сонымен қатар, бұл тәжірибе инклюзиялық білім беру саласында жаңа технологияларды енгізудің практикалық тиімділігін көрсетті, оқу ресурстарына тең дәрежеде қол жеткізуді қамтамасыз ететін модель ретінде маңызды болып табылады.

Осылайша, табыс етілген планшеттер инклюзиялық ортаның әлеуетін арттыруға, студенттердің дербес оқу мүмкіндіктерін кеңейтуге және университеттің инклюзивті білім беру стандарттарын дамытуға нақты үлес қосады.