Сапалы білімFarabi University

Сапалы білім

14 қазан, 2025

2025 жылдың 14 қазанында сағат 12:00-де 216 аудиторияда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде Ж.Х. Салханова, орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының доценті, п.ғ.д., Ю.К. Аманбаева ұйымдастыруымен «Сапалы білім» тақырыбында дөнгелек үстел өткизілді. Шараға халықаралық журналистика мамандығының студенттері қатысты. Шағын топтарда студенттер әртүрлі елдердің білім беру жүйесі туралы презентациялар әзірлеп, аудиовизуалды материалдар, газеттер, кроссвордтар, викториналар дайындады. Студенттер Арсен Шамшитдин, Руслана Яровая және Сәтімбек Данайым университет қалашығында жүргізілген социологиялық сауалнама нәтижелерімен таныстырды. Сауалнаманың мақсаты – Қазақстандағы білім деңгейін қалай бағалайтыны туралы оқытушылар мен студенттердің пікірлерін анықтау. Студенттер Тұрысбай Әнел, Тұрғынбай Әдемі, Саматқызы Айжанат Еуропа елдеріндегі білім беру жүйесіне тоқталды. Студенттер Азия елдеріндегі білім беру жүйесі туралы баяндама дайындады. Сондай-ақ студенттер еліміздің білім беру жүйесін және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ең танымал түлектерін талқылады. Студенттер Орынбай Нұркамал, Төрехан Әнел, Тұрбек Зарина цифрлық сайыс өткізді. Іс-шара модераторы Ж.Х. Салханова студенттерді Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бағдарламалық құжатымен таныстырып, жаһандану жағдайында бұл бағдарламаның 17 бағытының әрқайсысы біздің елімізде де, жаһандық деңгейде де кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Ұйымдастырушылар: Ж.Х. Салханова, Ю.К. Аманбаева