ТДМ №4: «Соңғы бекет» жобасы өз мәресіне жеттіFarabi University

ТДМ №4: «Соңғы бекет» жобасы өз мәресіне жетті

19 қараша, 2025

Ақпараттық технологиялар факультетінде ерекше атмосферада өткен «Соңғы бекет» жобасы өз соңына жетті.. Бұл жоба студенттік кезеңнің маңызын, әр сәттің қадірін және соңғы курсқа тән қимастық сезімдерін терең жеткізетін ерекше шара ретінде ұйымдастырылды.

«Соңғы бекет» жобасы – тек шығармашылық форматтағы жоба ғана емес, ол – әр студенттің жүрегінде сақталатын жылы естеліктердің, бірге еңсерген жолдың, ортақ жетістіктер мен ұмытылмас эмоциялардың көрінісі. Жоба барысында студенттер оқу жылдарында жинаған әсерлерін бейнелеп, болашаққа бағытталған ойларымен бөлісті.

Шара факультеттің студенттік белсенділігін арттырып, ұжымдық рухты күшейтуге, сондай-ақ түлектердің университет қабырғасындағы соңғы кезеңін ерекше есте қалдыруға бағытталды.

Жобаны ұйымдастырушылар жобаға қатысқан, ұйымдастыруға атсалысқан барлық белсенді студенттерге алғыс білдіреді.

«Соңғы бекет» жлбасы – дәстүрге айналып, алдағы уақытта да жалғасын табатын ерекше жобалардың бірі болмақ.